Описание
«Дизай (бейіні бойынша)» мамандығы шығармашылық қабілеттілікті дамытуға, ой-өрісті кеңейтуге және біртұтас эстетикалық қабылдау мен көркемдік талғамды қалыптастыруға бағытталған.
Кәсіби қызметтің объектісі: мәдениет және өнер мекемелері, үйлер мен үй-жайлардың дизайны салалары, жеке шеберханалар.
Дизайнер өз қиялы мен шығармашылық қабілеттеріне сүйене отырып, әдемі және функционалды сыртқы келбетті қалыптастыратын адам. Әр дизайнер сурет сала білуі керек, бағдарламалық жасақтамамен және девайстармен жұмыс істей алу дағдылары да маңызды.
Барлық дизайнерлердің жұмыс кезеңдері ұқсас болып келеді, өйткені олар бастапқыда жобаның жалпы идеясымен танысып, тапсырыс берушінің ұсыныстарын тыңдайды немесе өз ұсыныстарын енгізеді. Содан кейін олар алға қойылған міндеттерін орындауға кіріседі: эскиздердің суретін салады, визуал үшін қажетті 3D-модельдеуді жасайды, макеттерді дайындау мен конструкциялауға жауапты болады. Өнеркәсіптік, ландшафтық, интерьерлік және дизайнерлердің басқа да түрлері жобаның дұрыс іске асырылуын бақылауға бағытталған авторлық қадағалауды жүзеге асырады.
«Дизайнер (бейіні бойынша)» мамандығы бірнеше бағыт бойынша кәсіби мамандарды дайындайды:
- Дизайнер;
- Көркемдік-дизайнерлік жұмыстарды орындаушы.
Әр бағыт бойынша колледжде оқуды аяқтағаннан кейін жоғары білім беру ұйымдарында оқуын жалғастыруға болады.
Как поступить
Қабылдау емтиханы:
Сурет және кескіндеме
0
Қазіргі үміткерлер саны
~
Сенің оқуға түсу мүмкіндігің
Белгісіз
Бейіндік пәндер